Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 миллиард доллар төледі ме? » DailyKz
Новости Казахстана

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 миллиард доллар төледі ме?

Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне (Газадағы бейбітшілік жөніндегі кеңес) мүше болу үшін 1 миллиард доллар төлеуі тиіс деген ақпаратқа Ақорданың баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды dailykz.

Ақорда өкілдерінің мәліметінше, Кеңеске кіру тек мемлекеттің егемен шешімімен жүзеге асады. Кеңеске мүше елдің өкілеттік мерзімі үш жыл болып белгіленген.

Баспасөз қызметі атап өткендей, Жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты емес. Бұл — әр елдің өз еркі. Егер ел алғашқы жыл ішінде осы жарнаны төлесе, Кеңестегі мүшелік мерзімін үш жылдан асырып ұзартуға мүмкіндік алады.

Ақорданың хабарлауынша:
«Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз кірді. Бұл шешім Жарғының барлық талаптарына толық сәйкес келеді».

Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойған. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Трамптың шақыруымен Давосқа барған.

Қазақстан мен АҚШ-тан бөлек, Кеңес жарғысына қол қойған елдер: Армения, Аргентина, Әзербайжан, Болгария, Венгрия, Индонезия, Иордания, Косово, Пәкістан, Парагвай, Катар, Сауд Арабиясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Моңғолия.

Related Articles

Back to top button