Қазақстандағы мұнай мен алтын қоры қанша жылға жетеді

Қазақстандағы мұнай мен алтын қорының болашағы туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Мұнай қоры: шамамен 50 жыл
Қанат Ерубаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік есепте тұрған пайдалы қазбалар қорының ішінде 4 миллиард тоннадан астам мұнай бар.
Қазіргі өндіріс көлемін ескерсек, бұл қор шамамен 50 жылға жетеді.
Алтын қоры: 37 жылға жеткілікті
Алтын қоры бойынша да нақты деректер келтірілді. Ресми есепке алынған алтын мөлшері 2,3 мың тоннаға жуық.
Қолданыстағы өндіру қарқынымен бұл қор 37 жылға жетеді.
Қорлар толықтырылып жатыр
Сонымен қатар, спикердің сөзінше, ел аумағында геологиялық барлау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, соның нәтижесінде пайдалы қазбалар қоры кезең-кезеңімен толықтырылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы газ бен көмір қоры қанша жылға жететінін де айтқан болатын.
Қазақстандағы мұнай мен алтын қоры туралы бұл мәліметтер елдің ұзақмерзімді ресурстық әлеуетін бағалауда маңызды рөл атқарады.


