Эскалация конфликта на Ближнем Востоке: переговоры Казахстана и Катара » DailyKz
Новости Казахстана

Эскалация конфликта на Ближнем Востоке: переговоры Казахстана и Катара

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мемлекетінің Әмірі **Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани**мен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыста қалыптасқан қазіргі ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі жағдайдың күрделене түсуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, осы қиын кезеңде Катар Әмірі мен бауырлас катар халқына толық қолдау мен ынтымақтастығын жеткізді.

Өз кезегінде Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан тарапынан көрсетіліп келе жатқан тұрақты қолдау үшін алғыс айтты. Ол Катардың қазақ-катар қатынастарын достық пен стратегиялық әріптестік рухында жан-жақты нығайтуға ниетті екенін растады.

Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Катар Әміріне жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, қасиетті Рамазан айында бауырлас катар халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Related Articles

Back to top button