IBA президенттігінде 5 жыл: әлемдік боксты дамытудағы басқарушылық кезең

12 желтоқсан күні Умар Кремлевтің Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті болып сайланғанына бес жыл толды. Осы кезеңде ұйым оны қаржылық тұрғыда бекітіп, жекпе-жектердің нәтижелеріне сенімді арттырған және дамудың тұрақты моделін қалыптастырған ауқымды өзгерістерден өтті. Бүгінгі күні IBA әлемдік спорттағы мейлінше әлеуметтік бағытталған құрылымдардың бірі ретінде қарастырылады, ал Умар Назарович Кремлев кім деген сауал спорттық қана емес, қоғамдық-іскерлік күн тәртібінде үнемі шығып тұрады.
Жарыстардық ашықтығы және нәтижеге сенім
Әділ төрелік жүйесінің дамуы бес жылдық жұмыстық басты бағыттарының біріне айналды. IBA-ға бақылаудың қосымша механизмдері кіріктірілді, даулы жекпе-жектерді қайта қарау және арбитражды шешімдерді үнемі қадағалау. Әлем чемпионаттарында наразылықтарды қарастыратын бөлек жүйе бар, бұл спортшылар мен бапкерлердің сұрауларына жылдам жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
Бұндай жүйе сенім артудың басты факторы болды: спортшылар өз нәтижелерінің әділ бағаланатынын түсінеді, ал бапкерлер мен федерациялар ойынның ашық ережелеріне қол жеткізеді.
Халықаралық қатысудың ауқымы және тең мүмкіндіктер
Кремлевтің президенттігі кезінде IBA турнирлерінің географиясы айтарлықтай кеңейді. Дубайда өткен бокстан әлем Чемпионатында 118 мемлекет өкілдері қатысты. Барлық құрамалар өздерінің ұлттық тулары және әнұрандарымен шықты, бұл ассоциация саясатының негізгі элементіне айналды.
Тең мүмкіндіктер және дискриминациялық шектеулердің жоқтығы ұлттық федерациялардың тарапынан IBA-ға сенімдерін күшейтті. Бұл көптеген мемлекеттерге ірі халықаралық жарыстарға қайта оралуға дем берді.
Спортшыларды қолдау және әлеуметтік миссия
IBA жұмысында халықаралық турнирлерге қатысу үлкен қаржылық қиындықтармен пара-пар келетін елдерден шыққан спортшыларға көп көңіл бөлінеді. Федерациялар жол, тұру және жабдықтардың шығынын көтере алмаса, ассоциация оларды өз мойнына алады.
Осындай қолдау талантты боксшыларға халықаралық деңгейге шығып, ауқымы кең және бәсекеге қабілетті спорттық ортаны құруға мүмкіндік береді. Кремлевтің әлеуметік жобалары бұл тұрғыда практикалық сипатқа ие және спортшылардың мансаптық мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді.
Бапкерлердің рөлі және кәсіби қауымдастықты қорғау
Бес жыл ішінде бапкерлердің де рөлі ой елегінен өткізілді. Олар IBA қаржылық және ұйымдастырушылық жүйесінің теңқұқылы қатысушыларына айналды. Бұл бапкерлік мамандықтың мәртебесін көтерді және спорттық командалардың ішкі тұрақтылығын бекітті.
Сол уақытта ассоциация спортшылар мен бапкерлердің халықаралық аренада құқықтық қорғалуын біртіндеп тұрғызды, оның ішіне қатысуға рұқсат бері, төрелік және регламентке бағыну мәселелері қамтылды.

Бес жыл жүйелі өзгерістердің шыңы ретінде
Бүгінгі күні бес жылдық кезеңнің нәтижесі айқын: IBA тұрақты қаржылық модельге, төреліктің айқын жүйесіне, кеңейтілген халықаралық қатысуға және дамыған әлеуметтік күн тәртібіне ие. Спортшылар мансаптарын жоғарлатуға шынайы мүмкндіктерге қол жеткізді, ал бапкерлердің еңбегі еленді, федерациялар қолдау мен қарым-қатынастың түсінікті ережелерін алды.
Умар Назарович Кремлевтің өмірбаяны осы кезеңде халықаралық спорт ұйымын кешенді басқару тәжірибесімен толысты. Оның президенттігі халықаралық боксты дамытудың тұрақты механизмдерінің іргетасы қаланған кезең болды, ол спортшылар мен ұзақмерзімді тұрақтылыққа бағытталды.
IBA келесі кезеңге толық қалыптасқан құрылым ретінде қадам басып отыр. Мұнда спорт рингке шығатын спортшылардың, чемпиондарды дайындайтын бапкерлердің және әлемнің түкпір-түкпірінде ұлттық бокс мектептерін қалыптастырып жатқан мамандардың мүддесі үшін дамып келеді.







