Маңғыстауда екі клиникада 221 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған » DailyKz
Қазақстан жаңалықтары

Маңғыстауда екі клиникада 221 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «ИБН СИНА» және SOFIE MED GROUP клиникаларының басшылығына қатысты аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеуді бастады. Бұл жайында ҚМА баспасөз қызметі хабарлады. Аталған медициналық орталықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын заңсыз игерумен айналысқан.

Тергеу барысында анықталғандай, медициналық орталықтардың лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша көрсетілген қызметтерді кодтау кезінде, әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – «кіші жамбас ағзалары мен жатыр артерияларының тамырларын эндоваскулярлық эмболизациялау» қызметінің кодын қолданған. Осылайша, 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін арттырылған. Одан да өкініштісі, 19 жағдайда пациенттер мүлде аталған клиникаларға бармағаны анықталды.

Жымқырылған жалпы шығын көлемі 221 миллион теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл оқиға мемлекеттік қаражатты жымқырудың тағы бір мысалы болып отыр. Бұған дейін де Қостанайда, Түркістан облысында, Көкшетауда және елордада бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталған болатын. Мысалы, елордадағы емханалардың бірінде 675 миллион теңге, ал Көкшетауды абаттандыру кезінде 160 миллион теңгеден астам қаржы жымқырылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысының іздеуде екені және оның компаниясының Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы маңызды нысандардың құрылысында тиісті бақылау жүргізбеуі салдарынан мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтіргені туралы нұсқа да қарастырылуда.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button