2025 жылы республикалық бюджет 730 млрд теңгеге салықтан қағылды » DailyKz
Экономика

2025 жылы республикалық бюджет 730 млрд теңгеге салықтан қағылды

2025 жылы республикалық бюджетке салық түсімдері жоспары 730 миллиард теңгеге, яғни 4,8%-ға орындалмады. Мұның негізгі себептерінің бірі – салықтар бойынша болжамның 1,3 триллион теңгеге асыра бағалануы. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) салық және кедендік әкімшілендіруді тиімділігі бойынша мемлекеттік аудит қорытындысынан белгілі болды. Мемлекеттік аудиторлар анықтағандай, есепті кезеңде республикалық бюджетке салық түсімдерінің жоспары толық орындалмаған.

Аудит барысында соңғы төрт жылда салық органдары есептеп шығарған сомалардың жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені анықталды. Бұл жағдайлардың себебі – салық заңнамасын бұзушылықтар мен тексеру актілерін жасау кезіндегі рәсімдік қателіктер. Осыған байланысты ЖАП салықтық тексерулердің сапасын бақылауды күшейту қажет деп есептейді.

Кедендік бақылауға келсек, аудиторлар тауарларды әкелу кезінде жеңілдіктерді заңсыз беру фактілерін атап өтті. Атап айтқанда, тек электромобильдерге арналған жеңілдіктерді пайдаланып, гибридті көліктер әкелінген. Бұл фактілер бойынша бюджетке 70 миллион теңгеге аз түсім болған. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтің 34 қатысушысы тауарларды әкелу кезінде есептесу әдісімен ҚҚС төлегені анықталды. Бұл импортқа келетін ҚҚС-тың 670 миллион теңгеден астам сомаға аз түсуіне әкеп соқтырды.

Бұдан бөлек, аудит кезінде аяқ киім тауарларын таңбалау мүмкіндіктерінің салық жинауды арттыру үшін толық ашылмағаны белгілі болды. ЖАП Қаржылық бақылау комитетіне (ҚБК) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын есепке алуды, мониторингі мен бақылауды жақсарту қажеттігін атап өтті. Жалпы, тексеру нәтижесінде 2,7 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 33 рәсімдік және 11 жүйелік кемшіліктер анықталды. ЖАП барлық анықталған мәселелер бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар қалыптастырып, оларды міндетті түрде орындау үшін тиісті нұсқаулар жіберді.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button