Шымкенттік мергендер Қазақстан чемпионатында алдыңғы қатардан көрінді » DailyKz
Спорт

Шымкенттік мергендер Қазақстан чемпионатында алдыңғы қатардан көрінді

Алматыда өткен Қазақстан Республикасының пулевая стрельбадан чемпионатында шымкенттік спортшылар үздік нәтиже көрсетті. Бір апта бойы еліміздің тоғыз өңірінен келген 180 мықты спортшы ұлттық біріншіліктің медальдары үшін бақ сынасты. Осы бәсекеде Шымкент қаласының мергендері өздерінің мықты екенін дәлелдеп, жалпы командалық есепте алдыңғы орындардың бірін иеленді.

Шымкенттік спортшылар барлығы 21 медальді қоржынға салды. Оның ішінде 5 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль бар. Бұл көрсеткіш команданың жоғары деңгейде дайындығын және шеберлігін айғақтайды. Әрбір медаль үшін спортшылардың табандылығы мен еңбегі жатқаны сөзсіз.

Чемпионаттың басты кейіпкерлері Асадбек Назіркүлеев пен Зухра Ирназарова болды. Олар әрқайсысы екі алтын медальді жеңіп алып, өздерінің мықты мерген екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жас спортшылардың болашақта халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғайтынына үміт ұялатады. Жалпы, чемпионат жоғары деңгейде өтіп, спортшылардың шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік берді.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button