Головкин UFC басшысының бастамасына қарсы шықты

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дана Уайт пен Турки әл-Шейх ұсынған «Мохаммед Әли актісіне» енгізілмек өзгерістерге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dailykz BBC-ге сілтеме жасап. 2000 жылы қабылданған Әли актісі кәсіби бокстағы құқықтық қатынастарды реттейді.
UFC басшысы мен Аль аш-Шейх жаңа түзетулер арқылы қазіргі санкциялайтын ұйымдарға балама ретінде өз құрамалары, рейтингтері және чемпиондық белбеулері бар жабық лигалар мен промоутерлік ұйымдар құруды ұсынуда.
Головкиннің пікірінше, бұл өзгерістер спортшыларға зиян тигізуі мүмкін.
«Бұл бастамалардың барлығы – спортшыларға ықпал ету және оларды толық бақылауда ұстау үшін жасалып жатыр. Ескі Әли актісі әрқашан дұрыс жұмыс істеді, ол спортшыларды қорғады. Бұрын бәрі жақсы еді», — деді GGG.
Сонымен қатар Головкин қазіргі таңда бокс индустриясының дамуына Сауд Арабиясының елеулі әсер етіп отырғанын атап өтті.
UFC-дің жаңа жобасы
Еске салайық, биыл наурызда Дана Уайт жаңа бокс лигасын іске қосатынын мәлімдеген болатын. Бұл жоба Сауд Арабиясы ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Аль аш-Шейхпен бірлесіп жүзеге асуда. Ол соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі көптеген бокс турнирлерін ұйымдастырып келеді.




