«Копенгаген, дайын бол!»: «Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасындағы келесі ойынға Данияға аттанды

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы кезекті матчты өткізу үшін Дания астанасына жолға шықты, деп хабарлайды dailykz. Команданың жанкүйерлері әлеуметтік желіде жарияланған видео астында жылы лебіздер қалдырып, ойыншыларға қолдау көрсетті.
Жанкүйерлердің айтуынша: «Жеңіспен оралыңдар!», «Сәттілік!», «Дастан – 2 гол!» деген пікірлер көптеп жазылды.
Бұған дейін «Қайрат» клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билеттері сатылымға шыққанын хабарлаған еді.
Одан бөлек, алматылық клуб қалған өз алаңындағы матчтарды елордаға көшіру туралы ресми мәлімдеме жасаған. Осыған сәйкес, гректің «Олимпиакосымен» (9 желтоқсан) және бельгиялық «Брюггемен» (20 қаңтар) өтетін кездесулер «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.
Сондай-ақ клуб өкілдері Астанада өтетін ойындарға билет бағасының Алматыға қарағанда неге қолжетімді екенін түсіндірді.




