«Қайрат» бапкері Сатпаевтың әдейі сары қағаз алғанын мойындады » DailyKz
Новости Спорта

«Қайрат» бапкері Сатпаевтың әдейі сары қағаз алғанын мойындады

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Копенгагенге» қарсы ойында Дастан Сатпаевтың әдейі сары қағаз алуына өзі тапсырма бергенін ашық айтты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Уразбахтиннің айтуынша, сары қағаз — толықтай тактикалық шешім.

«Бұл — менің шешімім. Одан әдейі сары қағаз алуын сұрадым. Ол екі ескерту шегінде тұрғандықтан, “тазарып” алу керек болды. Бұл таза тактикалық сары қағаз», — деді бас бапкер.

Маманның айтуынша, Сатпаевты ойыннан кейін қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр.

«Ол ем-дом қабылдайды, келесі матчта дәл болмайды. Бірақ алдағы екі ойынға тыныш дайындала алады», — деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бүгін түнде алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясында даттық «Копенгагенмен» кездесіп, матч 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Осы ойында Дастан Сатпаев негізгі кезеңде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды.

Тақырыпқа қатысты жаңалық:
Алматы полицейлері Данияға жасаған сапарының себебін түсіндірді.

«Қайраттың» келесі матчы 9 желтоқсанда Астанада гректің «Олимпиакосына» қарсы өтеді.

Related Articles

Back to top button