ҚХЛ клубы Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерін қызметтен босатты

Ресейдің Владивосток қаласын таныстыратын ҚХЛ-дағы «Адмирал» хоккей клубы командасының бас бапкері Леонид Тамбиевтің қызметтен шеттетілгенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған dailykz хабарлайды.
Владивостоктық клуб бапкерлер штабының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдағанын жария етті. Ресми мәлімдемеде команданың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болғаны негізгі себеп ретінде көрсетілген.
«“Адмирал” клубының бас бапкері Леонид Тамбиев пен аға бапкер Андрей Банада команданың нәтижелеріне байланысты қызметінен шеттетілді. Бас бапкер міндетін уақытша Ильнур Гизатуллин атқарады», — делінген клубтың ресми сайтында жарияланған хабарламада.
ҚХЛ-дың ақпараттық ресурстары бұл шешімді Тамбиев пен Банаданың толыққанды отставкасы ретінде бағалап отыр.
55 жастағы маман «Адмирал» командасын 2021/22 маусымынан бері басқарып келді. Оның жетекшілігімен клуб биылғы ҚХЛ тұрақты чемпионатында 32 матч өткізіп, қазіргі уақытта Шығыс конференциясында 28 ұпаймен оныншы орында тұр.
Еске сала кетейік, Леонид Тамбиев 2025 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болған.




