Қазақстандық София Актаева әлем Кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстанның рапира бойынша әйелдер құрамасының өкілі София Актаева Біріккен Араб Әмірлігінде өткен жастар арасындағы әлем Кубогының кезеңінде екінші орынға шығып, күміс жүлде алды, деп хабарлайды dailykz ҚР Фехтование федерациясына сілтеме жасап.
София турнирді Фуджейрада сенімді бастады – барлық кездесулерді жеңіп, топтық кезеңде бірінші орынға ие болды.
16-ға шығу үшін Қазақстан спортшысы Гонконгтан келген Вонг Шун Йатты 15:9 есебімен жеңді. Келесі кезеңде рапиристка Словакиядан келген Ребекка Лилиана Форгачқа 15:13 есебімен басым түсті. Төрттен бір финал мен жартылай финалда ол қытайлық спортшылар Джу Литинг (15:14) және Бейни У (15:8) қарсыластарын жеңді.
Финалда София Ресей спортшысы Стефания Часовниковаға 11:15 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.




