Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың еңбегіне баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап dailykz хабарлайды.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде бағалайтынын атап өтті.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына қатысты пікірімді бұрын да бірнеше рет айтқанмын. Ол – заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы. Мемлекеттік институттарды қалыптастырудағы, экономиканың нарықтық тетіктерін енгізудегі, жаңа астананы салудағы еңбегі айқын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта Әділет, Заң және Тәртіп қағидаттарына сүйенген мемлекетке айналуы тиіс. Осыған байланысты әрбір азаматтың еңбегі әділ бағалануы қажет.
«Біз Қазақстанды Әділет, Заң және Тәртіп аумағына айналдыруды көздеп отырмыз. Сондықтан әр азаматтың еңбегіне жеке көзқарассыз, әділ баға беру керек. Бұл қағида еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Кремльде өткен кездесуі туралы қойылған сұраққа да жауап берді.




