«Сәлем, Астана!»: «Брюгге» «Қайратпен» матч алдында жанкүйерлерге қазақ тілінде үн қатты » DailyKz
Новости Спорта

«Сәлем, Астана!»: «Брюгге» «Қайратпен» матч алдында жанкүйерлерге қазақ тілінде үн қатты

Бельгиялық «Брюгге» футбол клубының ойыншылары Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайратпен» матч үшін Астана қаласына келді. Осыған орай клуб жанкүйерлерге қазақ тілінде жолдау жасап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды dailykz.

Клубтың жарияланымында Астанаға дейінгі әуе сапары жеті сағатқа созылғаны айтылған. Осы уақыт ішінде футболшылар түрлі іспен айналысып, тіпті ұшақ ұшқыштарының кабинасына да кіріп үлгерген.

«Қазақстанға қош келдіңіздер», – деп қарсы алды бельгиялық команданы қазақстандық жанкүйерлер.

Желі қолданушыларының бір бөлігі «Брюгге» парақшасындағы пікірлерде «Қайратты» қолдап, алматылық клубқа сәттілік тіледі.

Сонымен қатар бельгиялықтар Астанадан видео жариялап, елордаға келген сәтін, қала көрікті жерлерін аралағанын және шаһардың әсем көріністерін көрсетті.

Еске салайық, жақын күндері «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы екі матчін өткізеді. 20 қаңтарда алматылық клуб «Астана Аренада» бельгиялық «Брюггені» қабылдайды, ал 28 қаңтарда Лондонда ағылшынның «Арсеналымен» кездеседі.

«Сәлем, Астана!»: «Брюгге» «Қайратпен» матч алдында жанкүйерлерге қазақ тілінде үн қатты

Related Articles

Back to top button