B сынамасын ашу: Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты шешім қашан шығады

Кәсіби бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тәртіптік тыңдау бүгін өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dailykz.
Ерденбеков VADA өкілінен келген хатты жариялады. Онда Жәнібек Әлімханұлынан алынған B сынамасының Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) ережелеріне сай толық талданғаны көрсетілген.
«Біз дайынбыз!» – деп жазды федерация басшысы комиссия отырысына дейінгі кері санақ таймерін қоса тіркеп.
Таймерге сәйкес, тыңдау 19 қаңтар күні, жақын уақытта өтеді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық чемпионның алдағы спорттық тағдыры белгілі болмақ.
Еске сала кетейік, 6 желтоқсанға жоспарланған үш титул үшін жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына іліккен болатын. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін ресми түрде растады, содан кейін тергеу басталды.
Өз кезегінде Жәнібек Әлімханұлы ешқандай ережені бұзбағанын айтып, нәтижені қайта тексеруді сұраған. Кейінірек оның командасы ресми мәлімдеме жасап, жанкүйерлерге де арнайы үндеу жолдады.
B сынамасын ашу: Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты шешім қашан шығады




