Елена Рыбакина Australian Open екінші айналымына шықты. » DailyKz
Новости Спорта

Елена Рыбакина Australian Open екінші айналымына шықты.

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сында ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің алғашқы кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.

Әлемдік WTA рейтингінде бесінші орында тұрған әрі дәл осы нөмірмен тіркелген қазақстандық спортшы бірінші айналымда Словения өкілі Кайя Юванмен (WTA №100) кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 12 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ, сондай-ақ тапқан екі брейк-пойнтын толық пайдаланды. Ең бастысы — өз геймін бірде-бір рет қарсыласына бермеді.

Келесі кезеңде Қазақстанның бірінші ракеткасы Франция өкілі Варвара Грачевамен кортта жолығады. Бұл матч жанкүйерлер үшін тартысты өтетіні анық.

Айта кетейік, бұған дейін маусымдағы алғашқы Grand Slam турнирін Юлия Путинцева да жеңіспен бастап, қазақстандық теннистің қарқыны жоғары екенін көрсетті.

Елена Рыбакина Australian Open екінші айналымына шықты.

Related Articles

Back to top button