Юлия Путинцева Australian Open турнирінде ірі жеңіске жетіп, үшінші айналымға өтті

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сында екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева Australian Open–2026 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық теннисшінің бұл жолғы қарсыласы — WTA тізімінде 60-сатыда орналасқан франциялық спортшы Эльза Жакмо болды.
Кездесу екі сетке ғана созылып, Юлия Путинцеваның айқын басымдығымен аяқталды — 6:1, 6:2. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде Путинцева эйс жасай алмады, бір қос қателік жіберді және алты мүмкіндіктің бесеуінде брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ойын барысы толықтай қазақстандық теннисшінің бақылауында өтті.
Осылайша, Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Бұл — оның аталмыш жарыстағы ең үздік көрсеткіші. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 112-орында тұрған түркиялық теннисші Зейнеп Сонмезбен кортта кездеседі.
Юлия Путинцева Australian Open турнирінде ірі жеңіске жетіп, үшінші айналымға өтті




