Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сында екінші ракеткасы Александр Шевченко Australian Open–2026 турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған қазақстандық теннисшінің қарсыласы ATP тізімінде 29-сатыда орналасқан америкалық спортшы Лернер Тьен болды.
Кездесу төрт сетке созылып, Шевченконың жеңілісімен аяқталды — 2:6, 7:5, 1:6, 0:6. Матчтың жалпы ұзақтығы 2 сағат 4 минутты құрады.
Ойын барысында Александр төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол төрт мүмкіндіктің екеуінде брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Алайда бұл көрсеткіштер жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды.
Осылайша, Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Australian Open турниріндегі жолын екінші айналымда аяқтады.
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады




