Александр Бублик алғаш рет мансабында Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сында бірінші ракеткасы Александр Бублик Australian Open–2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Әлемнің 10-ракеткасы саналатын қазақстандық теннисшінің бұл жолғы қарсыласы — WTA емес, ATP рейтингінде 54-орында тұрған венгриялық спортшы Мартон Фучович болды.
Кездесу үш сетке ғана созылып, Бубликтің сенімді жеңісімен аяқталды — 7:5, 6:4, 7:5. Матч 2 сағат 13 минутқа жалғасты.
Ойын барысында Александр 12 эйс жасап, төрт қос қателік жіберді. Сонымен қатар ол 13 мүмкіндіктің бесеуінде брейк-пойнтты сәтті іске асырды. Жалпы матч бойы қазақстандық теннисші бастаманы өз қолында ұстады.
Осылайша, Александр Бублик Australian Open турнирінің үшінші айналымына алғаш рет жолдама алды. Бұл — оның аталған Үлкен дулыға турниріндегі ең жоғары жетістігі. Келесі кезеңде Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте 62-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверимен кортта кездеседі.
Александр Бублик алғаш рет мансабында Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты




