«Ең көрерменді ойыншы»: УЕФА қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебекке назар аударды

УЕФА-ның Ғалымжан Кенжебекке назар аударуы қазақстандық футбол үшін маңызды жаңалық болды. Еуропалық футбол қауымдастығының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебектің ойынын ерекше атап өтіп, оның қатысуымен бейнежазбаны ресми парақшасында жариялады. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
УЕФА-ның ресми Instagram-аккаунтында жарияланған видеода Ғалымжан Кенжебектің 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасы сапындағы жарқын сәттері көрсетілген. Кадрларда футболшының техникасы, жылдамдығы және шабуылдағы белсенді әрекеттері айқын көрінеді.
Видео авторы жазба сипаттамасында:
«Әлем чемпионатына іріктеудегі ең көрерменді ойыншы осы ма?» – деген сұрақ қойып, смайлик эмодзисін қоса тіркеген.
Жарияланым бірден жанкүйерлердің қызу қызығушылығын тудырды. Әдетте УЕФА парақшасындағы жазбалар 100–200 пікір жинаса, Кенжебекке арналған посттың астындағы пікірлер саны 700-ден асып кеткен. Бұл қазақстандық футболшыға деген халықаралық аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Осылайша, УЕФА-ның Ғалымжан Кенжебекке назар аударуы оның халықаралық деңгейдегі беделі өсіп келе жатқанын және Қазақстан футболының әлемдік аренада көріне бастағанын айқын дәлелдеді.




