Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-де екінші жеңісіне жетті

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы ең үздік теннисшісі Анна Данилина Australian Open 2026 турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Анна Данилина бұл жарыста Сербия өкілі Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жүр. Қазақстандық-сербиялық жұп турнирде жетінші нөмірлі сеяны алды. Екінші айналымда олар алаң иелері – австралиялық Арина Родионова мен Дарья Касаткинаға қарсы ойнады.
Кездесу екі сетке созылып, Данилина мен Круничтің айқын жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:4.
Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Анна мен Александра екі эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың алтауын сәтті іске асырды.
Үшінші айналымда қазақстандық-сербиялық тандем Чехия өкілі Катерина Синякова / АҚШ спортшысы Тейлор Таунсенд пен Мию Като (Жапония) / Фанни Штоллар (Венгрия) жұптарының арасындағы матч жеңімпаздарымен кездеседі.




