Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатында автогол соғып, командасы ірі есеппен жеңілді

Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатында автогол соқты — Түркияның екінші дивизионында («TFF 1. Lig») «Серикспор» өз алаңында «Эрокспорға» ірі есеппен есе жіберді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Командалар 22-тур аясында Серик қаласында кездесті. Ойын қонақтардың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Алғашқы таймның соңында қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов өз қақпасына автогол соқты (44-минут). Үзілістен кейін есепті түркиялық жартылай қорғаушы Өмер Беяз (60) еселесе, Гелор Канга (73) пенальтиден дәл соққы жасап, матчтың нүктесін қойды.
Ойынның соңына қарай алаң иелері бір ойыншыға кем қалды. Нигериялық жартылай қорғаушы Джозеф Окоро екі сары қағаз алып, 71-минутта алаңнан қуылды.
Лев Скворцов матчты толық өткізді. Бұл оның «Серикспор» сапындағы үшінші ойыны болды. Ол клубқа еркін агент ретінде «Ақтөбеден» ауысқан. Айта кетейік, осы үш кездесудің барлығында да команда ірі есеппен жеңілді (жалпы есеп — 0:11).
Турнирлік кестеде «Серикспор» 26 ұпаймен 16-орында тұр — бұл көрсеткіш төмендеу аймағынан бір-ақ саты жоғары. Ал «Эрокспор» 41 ұпай жинап, 42 ұпайы бар «Амедспордан» кейін екінші орынға жайғасты.
25 жастағы Скворцов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында сегіз матч өткізген. Оның трансферлік құны шамамен 200 мың еуро деп бағаланады.




