Анна Данилина Australian Open жарысының аралас турнирінде екінші кезеңге өтті

Қазақстанның үздік әйелдер жұптық теннисшісі Анна Данилина 2026 жылғы Australian Open ашық чемпионатының аралас турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды dailykz.
Аралас жұптар санатында Данилина америкалық Джеймс Трейсимен жұптасып өнер көрсетуде. Бірінші айналымда олардың қарсыластары – британдық дуэт Оливия Николлс пен Анри Паттен болды.
Кездесу екі сетке созылып, Данилина мен оның серіктесі 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 57 минут бойы ойнады. Осы уақыт ішінде қазақстандық–америкалық жұп бір рет қос қате жіберді, аса тиімді сервис қолданбады және жеті брейк-пойнттан төртін жүзеге асырды.
Келесі кезеңде Анна мен Джеймс канадалық Лейла Фернандес пен австралиялық Ник Кирьоспен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Данилина Australian Open 2026 жылғы әйелдер жұптық турнирінде ширек финалға шығып үлгерген болатын.




