Қытайда 73 адам футболдан өмір бойы шеттетілді

Қытай билігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты 73 адамға футболмен байланысты кез келген қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салды, деп хабарлайды dailykz Риа Спортқа сілтеме жасап.
Осы шаралар аясында Қытай футбол федерациясының (CFA) бұрынғы төрағасы Чэнь Сюйюань және ұлттық құраманың экс-бапкері Ли Те де қамтылғаны белгілі болды. Бұл туралы Қытай Орталық теледидары хабарлады.
«Халықтық сот Чэнь Сюйюань мен Ли Те қоса алғанда, 73 адамды кінәлі деп танып, оларға футболмен байланысты кез келген қызметке өмір бойы тыйым салу жазасын тағайындады», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, 13 футбол клубына да айыппұл санкциялары қолданылған.
Айта кетейік, бұған дейін футболдағы ірі сыбайлас жемқорлық скандалы Түркияда да орын алған болатын. Сол кезде жүздеген адам ойындарды ұйымдастыруға айыпталған еді.
Түркиядағы іс-шара барысында ондаған қалада ауқымды тінту жүргізіліп, ондаған адам тұтқындалды, мыңнан астам футболшы матчтарға қатысудан шеттетілген.
Соңғы уақытта тағы 200-ден астам адам осы ірі іс бойынша тергеуге тартылған.




