Токаев Рыбакинаны Australian Open финалындағы жеңісімен құттықтады » DailyKz
Новости Спорта

Токаев Рыбакинаны Australian Open финалындағы жеңісімен құттықтады

Australian Open финалындағы жеңіс еліміз үшін үлкен спорттық оқиғаға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open турнирінің финалындағы айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің құттықтау жеделхатында спортшының жоғары шеберлігі мен табандылығы ерекше аталды.
«Сізді кезекті ірі спорттық жетістігіңіз — Австралияның ашық чемпионатындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз мінсіз техникаңыз бен жеңіске деген мықты ерік-жігеріңізді тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік теннис қауымдастығын тәнті еткен нәтиже көрсеттіңіз. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде толағай табыстар тілеймін», — делінген Мемлекет басшысының жолдауында.

Еске сала кетейік, Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінде чемпион атанып, ел тарихында ерекше белеске қол жеткізді. Финалдан кейін спортшы Қазақстанға және жанкүйерлерге алғысын білдірген болатын.

Australian Open финалындағы жеңіс — қазақстандық спорттың әлемдік аренадағы беделін тағы бір мәрте нығайтқан айтулы оқиға.

Related Articles

Back to top button