Бублик Рыбакинаға Australian Open-дегі жеңісінен кейін үндеу жасады » DailyKz
Новости Спорта

Бублик Рыбакинаға Australian Open-дегі жеңісінен кейін үндеу жасады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турниріндегі тарихи жеңістен кейін Елена Рыбакинаға видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды dailykz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Мельбурнде өткен Үлкен дулыға турнирінде ел тарихында тұңғыш рет чемпион атанды. Бұл – оның мансабындағы екінші «мэйджор» жеңісі. Бұған дейін, 2022 жылы спортшы Уимблдон турнирінде топ жарған еді.

«Лена, сәлем! Сені екінші Үлкен дулығаңмен – Australian Open-дегі жеңісіңмен құттықтағым келеді. Біз сені жан-тәнімізбен қолдадық, бірге уайымдадық. Алда тағы да көптеген Шлем турнирлерін ұтып, дәл осындай керемет адам болып қала беруіңді тілеймін. Сәттілік!» – деді Бублик өз видеохабарламасында.

Australian Open-тегі жеңістен кейін Рыбакина ресми түрде әлемдік рейтингтің үшінші сатысына көтерілді. Ол да Бублик секілді Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы болып есептеледі.

Related Articles

Back to top button