"Бір кадрда үздіктер": Головкин, Бивол, Усик және Бетербиев бірге фото жасады » DailyKz
Новости Спорта

«Бір кадрда үздіктер»: Головкин, Бивол, Усик және Бетербиев бірге фото жасады

Әлемдік бокс жұлдыздары Геннадий Головкин, Артур Бетербиев, Дмитрий Бивол және Александр Усик бірге фотоға түсті, деп хабарлайды dailykz.

Бұл сәтті Instagram парақшасында орта салмақтағы боксшы Артур Бетербиев бөлісті. Фотосурет Ring Awards сыйлығының табыс ету рәсімінде түсірілген.

«Мен үшін Ring Awards сыйлығына қатысу үлкен мәртебе. Мұның барлығын мен үшін жасаған Турки Аль-аш Шейхке алғысымды білдіремін», – деп жазды ресейлік боксшы.

Фотода тек Артур Бетербиев қана емес, сонымен қатар Геннадий Головкин, Турки Аль-аш Шейх, Александр Усик, Конор Бенн және Дмитрий Бивол да бейнеленген.

Фанаттар пікірлерінде: «Үздіктер бір кадрда жиналды», «Міне компания!», «Қазіргі заманғы бокс аңыздары», «Ең қауіпті фото» – деп жазды.

Related Articles

Back to top button