«Уайым мен күтпеген жағдай»: Шавкат Рахмоновтың видеосы америкалық UFC файтерін таңғалдырды

Бывший американский UFC файтері Чейл Соннен Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмоновтың жарақатына қатысты пікір білдірді. Рахмонов операциядан кейін октагонға қайтуын кейінге қалдырған болатын, деп хабарлайды dailykz.
Америкалық спортшы Рахмоновқа жанашырлық танытқанын айтты.
«Рахмоновты видеода көргенде, ол тек таяқшамен жүріп жүрген адам емес еді. Тіпті білектерінде арнайы бекіткіштер де болғанын көрдіңіз бе? Сырттай қарағанда, ол шындап ауыр жағдайда қалғандай көрінді.
Мен оған сол сәтте жанашырлық таныттым. Бұл уайым тудырды және күтпеген жағдай болды. Таңқалдым, тіпті бұл шынымен Рахмонов па деп тексердім», – деді Соннен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұзақ уақыт октагонға шықпаған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жаңа жарақат алды. Осы себептен оның октагонға оралуы тағы бір жылға шегерілді.
Одан кейін Шавкат Рахмонов өзінің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда ол UFC полусредний дивизионында (77,1 кг дейін) рейтингте екінші орында тұр. Оның алдында тек ресейлік Ислам Махачев пен австралиялық Джек Делла Маддалена – қазіргі және бұрынғы чемпиондар ғана бар.
Шавкат Рахмоновтың жаңа жарақаты октагонға оралуын кейінге қалдырып, жанкүйерлерді уайымға салды.




