Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

Қазақстанның пулевая ату (нысана көздеу) спортынан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатында бес медаль еншіледі. Бұл туралы dailykz Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Турнир Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр.
Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың қоржынында бес жүлде бар. Алайда әзірге алтын медаль бұйырған жоқ.
Жеке және командалық сындардағы нәтижелер
10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Валерий Рахимжан күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ол осы дисциплинаның командалық жарысында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Федькин мен Эльдар Иманкулов та өнер көрсетті.
25 метрден шағын калибрлі тапаншамен ату жарысында да ұлттық құрама қола медаль иеленді. Жүлдегерлер қатарында Кирилл Федькин, Никита Чирюкин және Артемий Кабаков бар.
Винтовкамен атудағы табыстар
10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен командалық жарыста Никита Шахторин, Константин Малиновский және Ислам Сатпаев (Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері) вице-чемпион атанды.
Ал әйелдер құрамасы осы дисциплинада үшінші орынға тұрақтады. Қола медаль Елизавета Безрукова, София Шульженко және Арина Малиновскаяға бұйырды.




