Қазақстанның бірінші ракеткасы Қатардағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты » DailyKz
Новости Спорта

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қатардағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қатардағы WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Әйелдер арасындағы жұптық сында ел намысын қорғап жүрген Анна Данилина Дохада (Қатар) өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Анна Данилина бұл турнирде сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Қазақстан-серб дуэті жарысқа төртінші нөмірмен тіркелген. Ширек финалда олардың қарсыластары австралиялық Сторм Хантер мен Майя Джонт болды.

Алғашқы сетте Данилина мен Крунич ойын тізгінін өз қолына алып, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте австралиялық жұп қарымта қайтарып, 6:4 нәтижесімен есепті теңестірді. Матч тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешіліп, бұл кезеңде қазақстандық-сербиялық жұп айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп — 6:2, 4:6, 10:4.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич бір эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 15 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.

Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич Дохадағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Келесі кезеңде олар бесінші нөмірмен тіркелген бразилиялық Луиза Стефани мен канадалық Габриэль Дабровскиге қарсы ойнайды.

Related Articles

Back to top button