Жаңа Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді: Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтіп жатыр

Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны басталды. Шара жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа созылатын марафон барысында қатысушылар конституциялық реформаның басты бағыттарын жан-жақты талқылап жатыр, деп хабарлайды dailykz.
Онлайн-марафон аясында «Ток-шоу» және «Аналитика: бұрын және қазір» алаңдарында шамамен 100-ге жуық спикер пікір алмасуда. Талқыланатын негізгі тақырыптар қатарында:
– «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні»
– «Жаңа Конституцияның преамбуласы»
– «Егемендік пен Тәуелсіздік – ең жоғары құндылық»
– «Адам – мемлекеттік саясаттың өзегі»
– «Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың іргетасы»
– «Тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау»
– «Отбасы және неке»
– «Құрылтайдың ықпалы: өкілеттіктері мен функциялары»
– «Қазақстанның Халық кеңесі»
– «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы»
– «Волонтерлік қызмет»
– «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік».
Қатысушылар конституциялық өзгерістердің әрбір азаматтың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін де кеңінен сөз етуде. Сонымен қатар марафон барысында Конституция жобасына бейжай қарамаған азаматтардың ұсыныстары құжат баптарында қалай көрініс тапқаны айтылып, қоғам пікірі ескерілген жаңа редакция таныстырылуда.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева, сондай-ақ қоғам белсенділері мен сарапшылар бар.
Жаңа Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді деген басты сұрақ марафонның негізгі өзегіне айналып, талқылаулар соңында да осы тақырыпқа айрықша назар аударылуда.








