Ақордаға бару – арманым: Михаил Шайдоров Тоқаевпен кездесу туралы

Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қазақстан Президенті **Қасым-Жомарт Тоқаев**пен өтетін алдағы кездесуді ерекше толқумен күтіп отырғанын айтты. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасы хабарлады.
Спортшының айтуынша, **Ақорда**ға бару – оның көптен бергі арманы. Ол Президент резиденциясы жайлы деректі фильмдерді жиі көріп, түрлі материалдарды оқығанын жасырмады.
«Ең алдымен, Ақордаға бару – менің үлкен арманым еді. Мен бұл ғимарат туралы бұрыннан бері деректі фильмдер көріп, көп нәрсе оқыдым. Әрдайым барып көруді қаладым. Енді, міне, сол арманым орындалады. Ал Президентпен қандай тақырыпта сөйлесетінімді әзірге айтпаймын», – деді Михаил Шайдоров сұхбат барысында.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Еске салайық, қазақстандық жалғыз сырғанаушы Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жарысында жеңіске жетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Олимпиададағы осы тарихи жеңістен кейін спортшы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар оған қомақты ақшалай сыйақы табысталады.








