Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс айтты

Танымал әнші, Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина-ға Олимпиададағы өнері үшін алғыс білдірді. Әншінің айтуынша, спортшының өз әнін еркін бағдарламада таңдауы оны қатты қуантқан. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Әлемдік шоу-бизнес пен театр сахнасының жұлдызы Николь Шерзингер Софья Самоделкинаның Олимпиадада еркін бағдарламада өзінің композициясымен өнер көрсеткеніне ерекше ықылас танытты. Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында спортшыға жылы лебізін білдіріп, оның өнерін жоғары бағалады.
Өз кезегінде Софья Самоделкина да әншінің жарияланымына жауап беріп, видео астына пікір қалдырды.
«О, Құдайым! Керемет музыкаңыз үшін көп рақмет! Мен сізді жақсы көремін!» — деп жазды қазақстандық спортшы.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Айта кетейік, бір күн бұрын Софья Самоделкина Олимпиададағы өнерін аяқтады. Қысқа бағдарламадан кейін 19 жастағы спортшы 12-орында тұрған еді, ал еркін бағдарлама қорытындысы бойынша нәтижесін жақсартып, үздік ондыққа енді.
Кейін белгілі болғандай, Софья Самоделкинаның Олимпиада ойындарындағы дебюті оның туған күнімен тұспа-тұс келген. Осыған орай қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин оны туған күнімен құттықтады.








