Елена Рыбакинаға қазақтың камзолы сыйға тартылды: теннисшінің әсері видеоға түсті » DailyKz
Новости Спорта

Елена Рыбакинаға қазақтың камзолы сыйға тартылды: теннисшінің әсері видеоға түсті

Әлеуметтік желіде тараған видеода қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлерге қолтаңба беріп тұрғаны көрінеді. Осы сәтте Дінмұхаммед Сыздықов спортшыға арнайы дайындаған сыйлығы бар екенін айтып, оған қазақтың ұлттық камзолын тарту етті. Елена сыйлықты жылы қабылдап, күлімсіреп алғысын білдірді.

Кейін теннисші камзолды киіп көруге бола ма деп сұрап, ұлттық киімді үстіне киіп көрді.
«Керемет! Үлкен рақмет!» — деді Рыбакина жымиып.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Дінмұхаммед Сыздықов қазақтың камзолын әлемге танымал әнші Дженнифер Лопес-ке де сыйға тартқан болатын.

Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз

Елена Рыбакинаға қазақтың камзолы сыйға тартылды: теннисшінің әсері видеоға түсті

Related Articles

Back to top button