Қарағандыда жекпе-жек турнирінен кейін 18 жастағы спортшы комаға түсті » DailyKz
Новости Спорта

Қарағандыда жекпе-жек турнирінен кейін 18 жастағы спортшы комаға түсті

Қарағанды қаласында өткен жекпе-жек турнирінен соң 18 жастағы спортшы ауыр бас жарақатын алып, комаға түсті. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы dailykz хабарлайды.

Қайғылы жағдай жайлы спортшының әпкесі Threads әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Қарағанды қаласында 2026 жылдың 14–15 ақпан күндері жекпе-жек (боям без правил) турнирі ұйымдастырылған.

Алғашқы күні Арслан есімді спортшы екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Алайда келесі күні өткен кездесуде қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданып, Арсланды басымен төмен қарай лақтырған.

Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз

Соққыдан кейін спортшы орнынан әрең тұрған, басын ұстап, бағдарын жоғалтқан. Соған қарамастан, жекпе-жек тоқтатылмаған. Екінші раунд аяқталған соң Арслан есінен танып, рингке құлаған. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде комаға түскен. Оқиға сәті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған.

Ауруханада дәрігерлер спортшыға ауыр диагноз қойған: миға қан құйылу, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, сол жақ жартышардың жедел субдуралды гематомасы, ми ісінуі және 2–3 дәрежелі кома. Арсланға шұғыл түрде операция жасалғанымен, оның қазіргі жағдайы өте ауыр күйде қалып отыр. Осыған байланысты отбасы құқық қорғау органдарына жүгінген.

Қарағанды облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы — «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ведомствоның баспасөз қызметі: «Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлімдеді.

Қарағандыда жекпе-жек турнирінен кейін 18 жастағы спортшы комаға түсті

Related Articles

Back to top button