Қазақстандық теннисші әлемнің алтыншы ракеткасы атанды және рекорд орнатты

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында соңғы турнирлер қорытындысы бойынша әлемдік рейтинг жаңартылды, деп хабарлайды dailykz.
Қазақстанның ең үздік жұптық теннисшісі Анна Данилина өткен аптада Дубайдағы WTA 1000 турнирінде жартылай финалға дейін жетті. Осы нәтижесі оған әлемдік рейтингте жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Бұл спортшы үшін жеке рекорд болып есептеледі. Жұптық сында көшбасшы орынды бельгиялық Элизе Мертенс сақтап қалды.
Жекелей сында бірінші орын әлі де белорустық Арина Соболенкоға тиесілі. Оның артынан тройкада поляк Ига Швентек және қазақстандық Елена Рыбакина тұр. Дубай турнирінде Рыбакина денсаулығына байланысты үшінші айналымдағы матчты аяқтай алмады.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында 77-орыннан 78-орынға түсті.








