Юлия Путинцева Australian Open-нен кейінгі алғашқы турнирінде жарысты ерте аяқтады

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Мексиканың Мерида қаласында өткен хард жабындысындағы WTA 500 Мерида** турнирін сәтсіз бастады. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.
Әлемдік WTA рейтингінде 77-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда Андорра өкілі **Виктория Хименес-Касинцева**мен кездесті. Әлемнің 122-ракеткасы негізгі торға іріктеу кезеңі арқылы өткен болатын.
Кездесу үш сетке созылып, 2 сағат 30 минутқа жалғасты. Тартысты матчта Юлия Путинцева 4:6, 6:1, 4:6 есебімен қарсыласына жол берді.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Матч барысында қазақстандық спортшы эйс жасай алмады, бес қос қате жіберді және 16 брейк-пойнттың сегізін тиімді пайдаланды.
Айта кетейік, Меридадағы турнир Юлия Путинцева үшін **Australian Open**тен кейінгі алғашқы жарыс болды. Мельбурндегі маусымның алғашқы «мэйджорында» ол төртінші айналымға дейін жетіп, жеке рекордын жаңартқан еді.
Юлия Путинцеваның Australian Open-нен кейінгі алғашқы турнирі осылайша күтпеген нәтиже берді.








