Михаил Шайдоров Алматыдағы мұз шоуына қатыспайды

Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау бойынша Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров сәуір айында Алматыда өтетін көрсетілімдік мұз шоуынан шыға алмайтыны хабарланды, деп жазады dailykz Almaty Arena-ға сілтеме жасап.
«Михаилға кәсіби әріптестік үшін алғысымызды білдіреміз және спорттық карьерасында одан әрі табыстар тілейміз.
Іс-шара бағдарламасы жарқын әрі қызықты болып қала береді. Көрермендерді ерекше Олимпиада спортшыларының өнер көрсетулері күтеді», – делінген шоу ұйымдастырушыларының хабарламасында.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Жобаның мақсаты тек қана ауқымды мұз шоуын ұйымдастыру емес, сонымен қатар мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, Олимпиада құндылықтарын насихаттау және жаңа спортшылар буынын шабыттандыру болып табылады.
«Мұндай іс-шаралар спортқа деген қызығушылықты арттыруға және оның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді ұйымдастырушылар.
Жаңартылған қатысушылар тізімі:
- Софья Самоделкина
- Ника Эгадзе
- Александр Селевко
- Лука Берулава және Анастасия Метёлкина
- Никита Рахманин және Карина Акопова
- Глеб Смолкин және Диана Дэвис
- Анастасия Губанова
- Нина Петрикина
Қазіргі уақытта Instagram парақшасындағы хабарлама жойылған, редакция қосымша пікір алу үшін ұйымдастырушыларға жүгінді.








