Жамиля Бакбергенова Албаниядағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды » DailyKz
Новости Спорта

Жамиля Бакбергенова Албаниядағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды

Қазақстан әйелдер күресі құрамасының көшбасшысы Жамиля Бакбергенова Албанияда өткен рейтингтік турнирде алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Тирана қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының атынан 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Финалдық белдесуде Бакбергенова Қырғызстан өкілі Нурзат Нуртаевамен кездесті.

Кездесу қазақстандық балуанның айқын басымдығымен аяқталып, 14:3 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, Жамиля қатарынан екінші рейтингтік турнирде чемпион атанды. Бұған дейін ол Ресейде өткен жарыста да алтын медаль иеленген болатын.

Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз

Албаниядағы бұл турнир Қазақстан әйелдер күресі құрамасы үшін де сәтті өтті. Команда қоржынына үшінші алтын медаль түсті. Атап айтқанда, 50 келі салмақта Зейнеп Баянова, ал 55 келіде Лаура Алмағанбетова чемпион атанды.

Related Articles

Back to top button