Алты қазақстандық боксшы «кіші» әлем чемпионатының алтыны үшін жұдырықтасады

Болгария астанасы София қаласында бокстан беделді халықаралық Странджа кубогы жалғасып жатыр. «Кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен бұл турнир аясында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды dailykz.
Жартылай финал қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес өкілі жеңіске жетіп, финал жолдамасын алды.
Ерлер құрамасынан қарсыластары жекпе-жектен бас тартуына байланысты финалға екі боксшы өтті: 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сабит, ал 70 келіге дейінгі дивизионда Фарух Токтасынов.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Қазақстан әйелдер құрамасынан финалға 54 келіде Элина Базарова, 65 келіде Лаура Есенкелді және 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова шықты.
Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық боксшы Надежда Рябец жеребе нәтижесі бойынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірден финалға өтті.
Странджа кубогының финалдық жекпе-жектері бүгін, 1 наурызда өтеді.
Ал турнирді қола жүлдемен аяқтағандар: 54 келіде Анель Сакыш, 75 келіде Валентина Хальзова және 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова.








