Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан шұғыл түрде Мадридке ұшты

Dailykz хабарлауынша, «Аль-Наср» клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду мен отбасы жеке ұшақпен Сауд Арабиясынан шұғыл ұшып кеткен.
Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, португалиялық футболшының жеке ұшағы Сауд Арабиясынан ұшып, Испания астанасы Мадридке қонды. Бұл шешім Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуымен байланысты.
Журналистер бұл ақпаратты әуе рейстерін бақылау сервисі Flightradar24 арқылы растаған. Роналдудың жеке джеті сейсенбіге қараған түні ұшып шыққан.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Оған дейін Азия футбол конфедерациясы 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының Батыс аймағындағы 1/16 финалдық алғашқы матчтарын кейінге қалдырғанын хабарлаған болатын. «Аль-Наср» осы кезеңде БАӘ командасы «Аль-Васлмен» кездесуі тиіс еді.
Чемпионат мәліметінше, Роналду Эр-Риядта сүйіктісі Джорджина Родригес пен бес баласымен тұрады. Өткен аптада қалаға дрондар шабуыл жасаған, бұл Таяу Шығыстағы саяси шиеленістің күшеюімен байланысты. Қазіргі уақытта шабуылдар жалғасып жатыр, бұл Роналдудың елден кету шешіміне әсер еткен болуы мүмкін.








