Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы — әйелдер арасындағы жұптық разрядта өнер көрсететін Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.
Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс қаласындағы жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып ойнап жатыр. Бұл дуэт турнирде бесінші нөмірмен тіркелген.
Ширек финалда Данилина мен Круничке ресейлік Мирра Андреева мен канадалық Виктория Мбоко қарсы тұрды. Кездесу екі сетке созылды, оның алғашқысы тай-брейк арқылы шешілді. Нәтижесінде қазақстандық-сербиялық жұп 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Матч жалпы алғанда 1 сағат 22 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич бір эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Сонымен қатар олар бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Алдағы жартылай финалда Данилина мен Крунич испаниялық Кристина Букша және америкалық Николь Меликар-Мартинес жұбымен кездеседі. Бұл дуэт турнирде жетінші нөмірмен тіркелген.








