Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шыққаны үшін қанша табыс тапты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Open-2026 турнирінің ширек финалына шығу арқылы қомақты сыйақыға ие болды. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, 1/8 финалда Рыбакина Ұлыбритания теннисшісі Сонай Картал-ды жеңіп, келесі кезеңге өтті. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық спортшы кем дегенде 193 645 доллар (шамамен 95,4 миллион теңге) табыс табуға және 215 рейтингтік ұпай алуға кепілдік алды.
Бұған дейін турнир барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Хейли Баптист пен украиналық Марта Костюк-ті жеңіп шыққан болатын.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Айта кетейік, биылғы Indian Wells Open турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жарыстың жеңімпазы 1 511 380 доллар табыс тауып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ал ширек финалда Елена Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегула-мен кездеседі. Қазіргі таңда Пегула әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.








