Тоқаев Euronews басшысымен кездесті: Қазақ тіліндегі хабар тарату және ынтымақтастық перспективалары » DailyKz
Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев Euronews басшысымен кездесті: Қазақ тіліндегі хабар тарату және ынтымақтастық перспективалары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасы директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесу өткізді. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесуде әлемге танымал ақпараттық арнамен ынтымақтастықты арттырудың жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Euronews-тің объективті ақпараттық саясаты арқасында жаһандық медиада ерекше орын алатынын атап өтіп, телеарнаның Қазақстан мен Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және мәдени жаңалықтарды белсенді жариялап келе жатқанын тілге тиек етті.

Президент Тоқаев 2024 жылы Астанада ашылған Euronews-тің өңірлік кеңсесінің жұмысын жоғары бағалады. Әсіресе, телеарнаның қазақ тілінде хабар тарата бастағанын ерекше атап өтіп, бұл қадамды екіжақты тиімді ынтымақтастықтың маңызды белгісі ретінде қарастырды. Педро Варгас Давидтің айтуынша, қазақ тілі – Euronews медиажелісінде Орталық Азия халықтары үшін алғашқы рет қолданысқа енген тіл. Сондай-ақ, ол жақында қабылданған жаңа Ата заңмен қазақстандықтарды құттықтап, ондағы құндылықтардың еліміздің даму бағытын айқындайтынын жеткізді.

Кездесуде Қазақстан Президентінің Брюссельге жасаған ресми сапарының қорытындылары да талқыланды. Euronews сайтында сапар қарсаңында жарияланған Мемлекет басшысының Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы мақаласы еуропалық аудитория тарапынан оң қабылданғаны айтылды. Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, ынтымақтастық қарқынды дамуда. Тараптар өңірді жаһандық ақпараттық кеңістікке ықпалдастыру және Қазақстанның жетістіктерін әлемге таныту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Euronews телеарнасының Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігі 2024 жылдың тамыз айында Брюссельдегі келісімнен кейін, қараша айында «Астана» халықаралық қаржы орталығында ашылды. 1993 жылы құрылған бұл еуропалық ақпараттық арна Францияның Лион қаласында орналасқан және 13 тілде тәулік бойы әлемдік жаңалықтарды таратады.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button