Қазақстанның халықаралық резервтері маусымда 4,6%-ға азайды

2026 жылдың маусым айының соңында Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері, Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерін қосқанда, 127,312 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк материалдарына сілтеме жасаған Интерфакс-Қазақстан хабарлады. Бұған дейін, мамыр айында бұл көрсеткіш 133,388 миллиард доллар, ал 2025 жылдың соңында 129,308 миллиард доллар болған еді. Осылайша, маусым айында резервтер 4,6%-ға, жыл басынан бері 1,5%-ға төмендеген.
Ұлттық қордың активтері маусымда 1,36%-ға азайып, 65,142 миллиард долларға жетті. Ал Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері бір айда 7,69%-ға кеміп, 62,170 миллиард долларды құрады. Оның ішінде, шетел валютасындағы активтер 14,597 миллиард доллар болса (айына 1,32% төмендеу), алтын қоры 47,572 миллиард долларға дейін азайды (9,48% төмендеу). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері маусымда 7,84%-ға қысқарып, 60,161 миллиард долларға жетті.
Бұған дейін Halyk Finance талдау орталығының сарапшысы Асан Құрманбеков Орталық Азия елдері соңғы жылдары экономикалық өрлеуімен ғана емес, халықаралық резервтерінің ұлғаюымен де ерекшеленетінін атап өткен болатын. Оның айтуынша, соңғы өзгерістерге қарағанда, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан алтынға басымдық беріп отыр. Бұл ретте дамыған елдер алтынды негізінен тарихи және стратегиялық резервтік актив ретінде пайдаланады.
Дереккөз: Kapital.kz








