Түркістан облысында 200 млрд теңгеге жуық заңсыз айналым жолымен алынған қаражат жолы кесілді » DailyKz
Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында 200 млрд теңгеге жуық заңсыз айналым жолымен алынған қаражат жолы кесілді

Түркістан облысында темекі өнімдерін Қырғызстаннан контрабандалық жолмен әкеліп, ел аумағында сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл іс бойынша жалпы айналымдағы қаражаттың көлемі 200 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 миллион теңге болатын темекі өнімдері тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұған қоса, шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ та анықталды. Тергеу барысында анықталғандай, заңсыз делдалдық қызметтен түскен ақшаның бір бөлігі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілген. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталды, оның 5-уі қамауға алынды. Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған кәсіпорындар арқылы жақын және алыс шетелдерге шамамен 200 миллиард теңге көлемінде қаражатты заңсыз шығару фактісін анықтады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 235-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұған дейін Түркістан облысында 64 миллион теңгеге тауар контрабандасының жолы кесілгені хабарланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан аумағына таңбаланбаған темекі өнімдерін заңсыз әкелумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатқан еді.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button